Танымал актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын дүниеге әкелді, деп жазады bairaqmedia.kz. Бұл туралы актрисаның өзі Инстаграм парақшасында мәлімдеді.
Жұлдыз Әбдікәрімова нәрестенің видеосын жүктеп "жаңа тынысым" деп жазба қалдырды.
Ал оқырмандары ана мен сәбиге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
Осыдан біраз күн бұрын оқырмандар Жұлдыз Әбдікәрімнің «резеңке іш тағып алған, көрініп тұр ғой» деп оның жүкті екеніне сенбейтіндіктерін жеткізгені туралы жазған едік.