Әнші Әйгерім Қалаубаева соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланған жорамалдарға қатысты пікірін білдірді. Соңғы уақытта көпшілік Қалаубаеваны әріптесі, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжановпен жиі байланыстырған еді, деп жазады bairaqmedia.kz.
Желі қолданушылары «екеуінің арасында бірнәрсе бар сияқты» деп жазып, түрлі болжам жасады. Әнші қауесетке нүкте қою үшін Нұрлан Әлімжановпен бірге бейнежазба жариялап, тыңдармандарға үн қатты.
«Өмір емес, өнер жолында танысқан,
Жұптармыз тек тойларда табысқан», - деп жазды Қалаубаева.
Желіде бұл видео жарияланған бойда, пікірлер екіге жарылды. Бірі «екеуі жарасымды жұп сияқты» десе, енді бірі «тек сахнадағы әріптестер ғой» деп, өнердегі серіктестігін ғана атап өтті.
Айта кетейік, Қалаубаева мен Әлімжанов бұған дейін де бірлесіп ән орындап, түрлі іс-шараларда сахнаға бірге шыққан. Соның әсерінен көпшілік олардың ара-қатынасы жайлы әртүрлі әңгіме таратқан еді.