$ 458.23
 535.99
 5.46

Шайға барып, енесін зорлаған: Алматыда ер адам ұсталды

Редактор
21.08.2026, 11:10
depositphotos.com
depositphotos.com
Оқиғадан кейін отбасы полицияға жүгінген

Алматыда 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Отбасының айтуынша, 17 тамызда әйелдің күйеу баласы шай ішуге келген. Туыстары ер адам енесінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен деп мәлімдеді.

Оқиғадан кейін отбасы полицияға жүгінген. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға берілмек.