Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.
Қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды.