Қостанайда ер адам өзін көлікте өртеп жіберді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желіде көлікте отырған ер адамның өз үстіне бензин құйып, өртеп жібергені бейнеленген жазба тарады.
Куәгерлердің айтуынша, ол көлігінің жүк салғышынан канистрді алып, өзін жанармаймен құйып, көлік салонында өзін өртеген. Кейін өрт шарпыған күйде көліктен атып шығып, жақын маңдағы жерге құлаған. Сол жерде оған кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар көмек көрсетіп, отты сөндірген.
Ер адам тірі қалды. Оның күйік дәрежесі мен жағдайы нақтыланып жатыр.
Қостанай облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.