Ақсу қаласында «Қамқор» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсету фактісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Сот отырысы Ақсу қаласы прокуратурасының бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды талдау негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қамқорлықтағы азаматтарды ұрып-соғу және оларды жылы киімсіз далада қалдыру сияқты әрекеттер анықталған.
Қызметкер жүйелі түрде орталық тұрғындарына күш көрсетіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Сот оның әрекеттерін қылмыстық құқық бұзушылық деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айта кетсек, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.