Қоғам

Қазақстанның су қоймаларындағы жағдай қандай?

11:37, 07 сәуір 2025 31

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ведомство ақпаратына сәйкес, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталған.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 260 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 20 текше метр су жіберіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 561 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 284,2 текше метр су жіберіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1202,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 781 текше метр су жіберіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз