Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа “халық әншісі” атағын беру керегін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер жұлдызы бұл пікірін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп, әнші Нұрлан Еспановтың Қайрат Нұртас туралы айтқан сөзін жариялаған. Айдарбекова оның Қайратқа қатысты жылы лебізіне алғыс білдірді.
«Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім өте ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін, бәрін ашық айтатын жан. Тек Қайрошымды емес, жалпы адам атаулыны ренжітпей, зиянсыз жүретін адам. Өмірді кинодағыдай қызық етіп сүре біледі. Алла бақ берсін, жақсы адамым!» – деп жазды продюсер.