Аймақ

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді

19:32, 03 желтоқсан 2025 28

Алматының санитарлық қызметі қатты отынмен жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындарына 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізді. 10 экологиялық құқықбұзушылық анықталды. 7 нұсқама беріліп, екі факті бойынша материалдар сотқа жолданды. Барлығы 1 887 360 теңге көлемінде 8 әкімшілік шара қолданылған. Бұл туралы Алматының Экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«Eco Almaty» ЖШС мамандарының айтуынша, мұндай нысандар шамадан тыс түтін мен иіс шығарып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудырады. Кәуапхана иелерімен тұрақты түрде түсіндіру жұмысы жүргізіледі: қатты отынды пайдалануға тыйым салынған, ал газбен жұмыс істейтін жабдықтарда міндетті түрде сүзгілер орнатылуға тиіс. Eco Almaty тарапынан бақылау атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, санитарлық талаптар мен қаланы көріктендіру ережелерінің сақталуын бақылау аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мен Алматы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын қолданыстағы шектеулер туралы кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз