$ 462.3
 538.07
 5.41

Президент Үкіметке қатысты Жарлыққа қол қойды

Редактор
28.08.2026, 11:04
Ақорда
Ақорда
Астанада бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясы өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Құжат 28 тамызда Ақорданың құқықтық актілер бөлімінде жарияланды. Жарлық Үкіметтің қызметіне қатысты және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, бүгін Астанада бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясы өтіп жатыр. Президент оны шақыру туралы Жарлыққа 26 тамызда қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау