Аймақ

Өскеменде мектептер қашықтан оқытуға көшірілді

11:09, 24 қазан 2025 10

Өскемен қаласының тұрғындары түтінге тұншығып отыр. Себебі шаһарды сұрғылт тұман тұмшалап, газдың жағымсыз иісі жайлаған. Ал мектептер бұл жағдайдан кейін бүгіннен бастап бір тәулікке қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қаладағы экология күрделене түскеніне төрт күн болды. Содан бері тұрғындар көшеде медициналық бетперде тағып жүруге мәжбүр. Түтінге тұншыққандар ірі кәсіпорындарға дер кезінде бақылау жүргізе алмаған жергілікті билікке наразы. Ал экологтар қаланы жағымсыз иіс жайлауын үп еткен желдің жоқтығымен байланыстырып отыр.

Халықтың арыз-шағымынан кейін мамандар кеше ірі кәсіпорындардан ауаға тарайтын лас қалдықтардың мөлшерін сұратқан. Сондай-ақ компаниялар өндіріс көлемін азайтты деп ақталуда. Ал "Қазгидромет" мамандары ауаға әлдеқашан тексеріс жүргізіп, оның ластанғанын анықтапты.

"Өскемен қаласында жоғары ластанудан аспайтын, ластаушы заттардың шекті жоғары шоғыры асып кетуі тіркелді. Оның ішінде күкірт диоксиді бойынша 4,8 дейін, фенол бойынша 1,8 дейін, сутегі хлориді бойынша 2,1, күкірт сутек бойынша 2,1 көмір тегі оксиді бойынша 1,8 шекті жоғарғы шоғырға дейін тіркелді", - дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз