Халыққа Raim деген атпен белгілі әнші Райымбек Бақтыгереев Ерке Есмаханың ұлының жетістігімен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Raim Instagram парақшасында Ерке Есмаханың бұрынғы некесінен туған ұлының Champ Season баскетбол лагерін сәтті тәмамдаған сәттерін жариялады.
Әншінің айтуынша, балаға жаттығуларды кезінде НБА ойыншыларымен жұмыс істеген кәсіби бапкер өткізген.
«Champ Season лагерін сәтті аяқтады. АҚШ-тың НБА ойыншыларымен жұмыс істеген бапкерден сабақ алды», – деп жазды ол.