Аймақ

Ақтөбеде облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам ажал құшты

11:02, 23 қазан 2025 37

Ақтөбе облысында жантүршігерлі жол апатынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

"Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен ГАЗель көлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. ГАЗель жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан", - деді Ақтөбе облыстық ПД өкілі.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз