Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау комиссияларыныңмүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту бағытында жүргізгенжұмысы туралы баяндалды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Құрылтай депутаттарын сайлауғадайындық аясында Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардыкаскадтық оқытудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырған.
«Аймақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 71 мыңнан астаммүшесінің қатысуымен 7 мыңнан астам оқыту семинары өткізілді. Бағдарламатеориялық және практикалық дайындықты, оның ішінде дауыс беру күні орыналуы мүмкін нақты жағдайларды талдауды қамтыды. Алынған білімді жәнекомиссиялардың дайындығын бағалау ОСК мүшелерінің өңірлерге жұмыссапарлары барысында жүргізілді» - деді Орталық сайлау комиссиясыныңхатшысы.
Оқыту «Тренер тренерді оқытады» қағидаты бойынша офлайн және онлайнформаттарда жүргізілді. Өңірлер үшін оқу-әдістемелік кешен мен анимациялық оқыту фильмі әзірленіп, жолданды. Аталған материалдар оқу процесінде пайдаланылуда.
Сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту маңызды бағыттардың біріболды. Бұл оқытуға 23 мыңнан астам адам қамтылды. Олардың қатарында саясипартиялардың, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емесұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.