$ 458.23
 535.99
 5.46

Оралда жаңа футбол стадионы салынады

Редактор
21.08.2026, 09:50
дереккөз
дереккөз
Ерекше шешімдердің бірі – динамикалық бейнелерді, жарнама мен ақпарат мазмұнын көрсетуге арналған заманауи медиафасад

Оралдағы  Ақжайық шағынауданында 12 мың адамға арналған жаңа футбол стадионын салу жоспарлануда. Бұл жөнінде БҚО әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мәлім етті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Жаңа стадион жобасы Қазақстан премьер-лигасы мен UEFA халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалып, премьер-лига матчтарын және республикалық, халықаралық деңгейдегі турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді.

Стадион құрылысында заманауи стильге сай технологиялық шешімдер мен сәулет ерекшеліктеріне басымдық беріледі. Ерекше шешімдердің бірі – динамикалық бейнелерді, жарнама мен ақпарат мазмұнын көрсетуге арналған заманауи медиафасад.

Нысан  аумағында сувенирлік өнімдерді сатуға арналған арнайы сауда аймағы ашылады. «Жайық» футбол клубының атрибутикасы да мен мұндалап тұрмақ. Қаланың Еуропа мен Азияны жалғайтын географиялық ерекшелігі жаңа стадионның халықаралық спорт аренасына айналуына  септігін тигізуі де мүмкін.