Аймақ

Оралда алаяқтықпен айналысқан «полицей» ұсталды

10:11, 21 маусым 2025 8

Оралда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған 30 жастағы алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өзін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкері ретінде таныстырып, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы сылтаумен 1983 жылғы әйелдің ақшасын заңсыз иемденген.

Аталған дерек бойынша жедел іздестіру іс-шаралары барысында БҚО полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері 1995 жылғы күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тінту кезінде банк қосымшасынан үзінді көшірме және екі ұялы телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Айта кетсек, аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз