$ 469.71
 536.17
 6.01

«Өлтіремін деп қорқытқан»: Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілікті

Редактор
16.07.2026, 12:12
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ақтөбелік тұрғын Ақмарал Әжғалиева өзінің сіңлісінің зорлық көргенін, ал оны зәбірлеген ер адамның бостандықта жүргенін айтып, шағымын жеткізді. Оқиға биыл мамыр айында болды. Сіңлісі құрбысының үйіне барып, кейін үйіне кетпек болған. Сол шақта құрбысының ағасы оны жібермей, зорлық көрсеткен. Осы оқиғадан соң мектеп оқушысың мінезі өзгеріп, ас батпай, арада бір айға жуық уақыт өткенде ағасы мен ата-анасына айтады.

Сіңлім бұрын ашық-жарқын еді. Қазір қиналып, қап-қара түнек болып жүр. Ешкіммен сөйлесейді, дұрыс тамақ та ішпейді. Ол бізге айтуға қорыққан. Себебі ол жігіт қорқытқан, өлтіретінін айтқан. Талабымыз - әділдік орнап, жазасын алсын,- деді Ақмарал Әжғалиева.

Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір мән-жайды анықтау үшін жан-жақты тергеу жұмысы жүріп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау