Шоу-бизнес әлемі

«Өлсем ақ денемді пышақ салып кеспеңдер»: Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдері жарияланды

16:46, 11 қараша 2025 81

Әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлең жолдарын жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі жазбасында: «Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді» деп атап өтті.

Жарияланған суретте Нұрқаділовтің өз қолымен жазған мынадай жолдар бар:

«Өлсем ақ денемді пышақ салып кеспеңдер.

Сенесің бе? Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін...

Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...

"Махаббат бар" – жете деп қолды көп жыл сермеппін...

Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін...

Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін...»

Желі қолданушылары әншіге жылы пікірлер қалдырып, жұбату сөздерін айтты:

«Өмірден өтерін сезгендей жазыпты», – десе, енді бірі «Мақпал апай, сіз бақыттысыз – ел сүйген азаматтың жары болдыңыз» деп жазған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз