$ 462.31
 536.09
 5.34

Оқушы Nissan Patrol тізгіндеді: Алматыдағы оқиғаның соңы апатпен аяқталды (ВИДЕО)

Редактор
02.09.2026, 09:50
видеодан скрин
видеодан скрин
Салдарынан жол талғамайтын көлік жеке үйдің темір қоршауына соғылған

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім Nissan Patrol көлігінің тізгініне отырып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Жол апаты 1 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында Түрксіб ауданында болған. Полиция мәліметінше, жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Артиллерия көшесінің қиылысында көлікті басқара алмай қалған.

Салдарынан жол талғамайтын көлік жеке үйдің темір қоршауына соғылған. Желіде тараған кадрлардан соққыдан қоршаудың бір бөлігі мен қақпаның қирағанын көруге болады.

Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

Қазір оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр. Полиция кәмелетке толмаған баланың тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның ата-анасы жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау