$ 465.01
 543.55
 6.15

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдіктінің туыстары да тергелмек

Редактор
06.05.2026, 16:39
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Әділов тергеу аясында осы эпизодқа қатысы бар тұлғалардың барлығынан жауап алынып жатқанын атап өтті. 

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аясында құқық қорғау органдары жәбірленуші тараптың «бойжеткенді күдіктінің үйінде оның туыстары ұстап отырған» деген барлық уәждерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz baq.kz-ке сілтеп. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлағандай, қазіргі уақытта Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша белсенді тергеу амалдары жүргізілуде. 

"Жәбірленуші тарап қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғын тексеру туралы уәждер келтіріп отыр. Атап айтқанда, Нұрайды күдіктінің үйіне жеткізу кезінде жанында болған, қатысқан адамдардың да қатыстылығын анықтау қажет. Бұдан бөлек те бірқатар жайттар бар. Тергеу сатысында біз істің толықтығын қамтамасыз етіп, барлық уәждерді тексеруіміз керек, сонда ғана іс сотта жан-жақты қаралатын болады", – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, Әділов тергеу аясында осы эпизодқа қатысы бар тұлғалардың барлығынан жауап алынып жатқанын атап өтті.