V Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының шешуші финалында отандық спортшы Диас Кенжебек қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, мәреге бірінші болып жетті. Қазақстандық пара жүзгіш қашықтықты 1 минут 1,98 секундта жүзіп өтіп, Азия рекордын тарихи нәтижемен жаңартты. Айта кету керек, бұған дейінгі Азия рекорды 1 минут 3,73 секундты құраған болатын.
Бұл жеңіс Диас Кенжебектің V Пара Азия ойындарында бағындырған үшінші жүлдесі болып отыр. Бүгінгі таңда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшының еншісінде бір алтын және екі күміс медаль бар.