Шоу-бизнес әлемі

«Несиеге көлік алғандарды түсінбеймін»: Әнші Бүркіт қарызға батқан қазақтарды сынады (ВИДЕО)

10:00, 28 тамыз 2025 150

Эстрададағы танымал жұп Бүркіт пен Аиша қазақстандықтардың қаржылық әдеттерін сынға алды, деп жазады bairaqmedia.kz.

Өнерлі ерлі-зайыптылар дастархан басындағы әңгімесін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Онда олар көпшіліктің көлікті несиеге алып, қарызға батып жатқанына алаңдайтындарын жеткізген.

“Қарызға батқан дұрыс емес. Әркімнің жағдайы әртүрлі, түсінем. Бірақ мүмкіндігінше, кредит пен қарызға кірмеген жөн. Тырысыңыздар! Үйді несиеге рәсімдеуге болады. Ол керек дүние. Кредитке көлік алғанды түсінбеймін. Алла көмектеседі. Қолыңда қанша ақша бар, соның жеткенінше ал. Алдымызда жақсы күндер көп болсын!”, – деп жазды Бүркіт. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз