Шоу-бизнес әлемі

«МузАРТ» тобы тарай ма?»: Сәкен Майғазиев шындықты айтты

00:01, 23 тамыз 2025 15

Әнші Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобына қатысты көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды bairaqmedia.kz. 

Ол топ тарамайтынын айтты. Келер жылы "МузАРТ" тобының құрылғанына 25 жыл толады. Осыған орай, топ шығармашылық концерт өткізбек.

"МузАРТ" тобына 25 жыл толады. Одан ары отыз, қырық, елу жылға жалғасып, алдыңғы толқын ағалардың ақ жолын нәсіп етсін деп тілейміз. Топ тарамайды. Оған негіз жоқ. Қазақтың махаббаты, өнерге деген сүйіспеншілігі тұрғанда "МузАРТ" тобы тарайды деп ойламаймын. Ұзағынан сүйіндірсін", – деді әнші.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз