Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Ақорда мәліметінше, Президент Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылып, еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы қызметіне тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Мұхтар Тілеуберді бұған дейін де Қазақстанның Сыртқы істер министрі қызметін атқарған.