Мәдениет

Мирас Нағашыбай «Славян базары» балалар байқауының жеңімпазы атанды

16:00, 16 шілде 2025 13

Витебск қаласында өткен «Славян базары – 2025» халықаралық балалар байқауында Қазақстан атынан қатысқан жас өнерпаз Мирас Нағашыбай 1-орынды иеленді.

Сайысқа жалпы 14 елдің әншілері қатысты. Мультфильм саундтрегін орындау тапсырмасы аясында жас өнерпаз «Тоқты мен серке» мультфильміндегі «Ақтамбердінің жыры» термесін эстрадалық өңдеуде орындап, «Үздік саундтрек» ретінде арнайы премияға ұсынылған.

Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі Қазақстанның барлық кинотеатрынан көрсетіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз