$ 458.87
 535.09
 5.42

«Миллионды тойға емес, баспанаға жұмсаңыз»: ҚМДБ елге үндеу жасады

Редактор
27.08.2026, 10:16
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Бір күндік мереке үшін алынған миллиондаған теңге қарыз жас отбасыға жылдар бойы қаржылық салмақ түсіруі мүмкін

Қазақстанда той өткізу мәдениетін қайта қарап, шектен тыс сән-салтанаттан, ысырапшылдықтан және миллиондаған теңге несие алудан бас тартуға шақырды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) үндеу жасады.

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, тойдың негізгі мақсаты – туған-туысты біріктіру, үлкенге құрмет көрсету, ақсақалдардың батасын алу және жастарға тәрбие беру. Алайда бүгінде тойдың деңгейі қымбат мейрамхана, қонақ саны, танымал әншілер мен бағалы сыйлықтар арқылы бағаланатын жағдайлар жиілеген.

Діни басқарма той үшін несие алуға да ерекше назар аударды. Бір күндік мереке үшін алынған миллиондаған теңге қарыз жас отбасыға жылдар бойы қаржылық салмақ түсіруі мүмкін. ҚМДБ мұндай қаражатты баспана алуға, білімге, кәсіп бастауға немесе балалардың болашағына жұмсаған әлдеқайда тиімді екенін атап өтті.

Сонымен қатар асабаларға да үндеу жасалып, той кезінде қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын ойындардан, орынсыз әзілдер мен келемеждеуден бас тартуға шақырды. Діни мәселелерге қатысты пікір айтқанда да жауапкершілік таныту қажеттігі ескертілді.

ҚМДБ тойдағы даңғазалық пен ысыраптан бас тарту ұлттық дәстүрден бас тарту емес екенін атап өтті. Керісінше, тойдың бастапқы мәні – сыйластық, бірлік, тәрбие мен қанағатшылдықты қайта жаңғырту екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау