1 қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына байланысты Алматы метросында жолаушылар ағыны күрт артты. Таңғы сағаттардан бастап бірқатар станцияда адам қарасы көбейіп, әлеуметтік желілерде метроға жиналған жұрттың видеолары тарады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Мәліметке сәйкес, 1 қыркүйекте сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін Алматы метрополитенінің қызметін 40 мыңға жуық жолаушы пайдаланған.
Жолаушылар санының артуына байланысты метрополитен жұмысын күшейтуге тура келген. Адам ағынын реттеу және пойыздар арасындағы аралықты қысқарту мақсатында желіге қосымша құрамдар шығарылды.
Осылайша, желіде қатынайтын пойыздар саны 11-ден 13-ке дейін көбейтілді.
Айта кетейік, Алматы метросы күн сайын сағат 06:20-дан бастап жұмыс істейді.