Танымал актер Олжас Абай экс-әйелінің Hit tv арнасына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Актер экс-әйелімен жеті жыл бұрын ажырасқанын айтып, ұлдары үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алғанын жазды.
“7 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз. Ұлдарым үшін әлі де біраз нәрсе жасаймын. Алименттерін уақыты төлеймін. Ұлдардың екі бөлмелі сыйға берілетін (дарственный) пәтері де дайын тұр. Уақыты келгенде беремін. Ажырасқан әйелдің өзін мен неге бағуым керек? Жолын тауып, еңбек қылып бақытты болсын”, – деп жазды ол.