Аймақ

Мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалаған блогер-журналист ұсталды

12:01, 07 қараша 2025 36

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналисті ұстады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция бопсалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын заңға қайшы әрекет екенін ескертеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз