Шоу-бизнес әлемі

«Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе деген»: Дариға Бадықова экс-күйеуі жайлы пікір білдірді

10:31, 10 қазан 2025 110

Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың “арада бала болған жоқ” деген сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Актрисаның айтуынша, осы мәлімдемеден кейін бауырына басқан қызы Қарашаштың көңіл күйі бұзылып, өз-өзін жайсыз сезінген.

"Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр", - деп жауап берді. 

Сондай-ақ ол балалы болуға әрекет жасамағанын да жасырмады. 

"Екі адамнан болған нәрсе. Мен балам болмады деп еш уақытта уайымдаған адам емеспін. Сары уайым дегеннің не екенін де білмеймін, драмманың адамы емеспін. Өмірде ештеңені қиындатпаймын. Баламды асырамай отыр деп күйеуге де ренжімеңіздер. Бала - ортақ. Балалы болуға әрекет жасаған жоқпын. Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе деген", - деді Бадықова.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз