Шоу-бизнес әлемі

«Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені»: Олжас Абай көпшілікке үндеу жасады

14:33, 20 қазан 2025 24

Актер Олжас Абай Revue News-ке берген сұхбатында балалы бола алмағанына әйелін кінәлап жүрген ер адамдарға үндеу жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі жақында жарық көрген фильмінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – әйелді бедеулік үшін кінәлау тақырыбын көтергенін айтты. Оның кейіпкері де дәл осындай жағдайды бастан өткереді.

«Кинода қолымнан келгенше көрсеттім. “Бала неге тумайсың?” деп сынап жатады. Ол әйелдің қолында емес қой. “Маған ұл бала керек. Төрт қыздан кейін қайта қыз туып жатырсың” деп айтатындарды мүлдем түсінбеймін. Ондай адамдар қалай ойланатынын білмеймін. Ол Құдайдың қолында. Адамның миына сыймайтын нәрсе ғой», – деді актер.

Олжас Абай ер азаматтарға ой салатын сөз айтты:

«Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені. Оған разы болу керек».

Актердің айтуынша, бұл тақырыпты қозғау арқылы ол қоғамдағы отбасылық түсінік пен ер адамның жауапкершілігіне назар аударғысы келген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз