Қордайлық әулетке қызын ұзатқан әнші Алтынай Жорабаева құдалыққа аттанды. Ол әлеуметтік желіде жаңа құдалары жайлы жазба қалдырды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Әнші сән-салтанаты келіскен құдалықтан видеолар жариялады.
«Ал су жаңа құдаларымыздың құдалығына Қордайға келіп қалдық Жаңа құдаларымызбен танысып, қуанышымызды бөлісуге асықпыз. Алла құдалығымызды берекелі, екі жаққа да сыйластыққа толы етсін!», – деді Алтынай Жорабаева.
Сондай-ақ ол қызының келіндік міндетін атқарып жүргенін көріп көңілі орныққанын да жасырмады.
«Атасы мен апасы жиен немерсін көріп, жылап қалды. «Жаным, әлі кішкентай ғой...» деп уайымдап жүрген еді ғой, көріп көңілдері орнына түскендей болды», – деп жазды әнші