Алматыдан Ақтауға «оңай табыс» іздеп барған қыз 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленіп, жанынан синтетикалық психотроптық заттар салынған 27 орама тәркіленген, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, Ақтау қалалық соты қызды Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген.
Прокуратура Telegram желісінде тарайтын «оңай табыс», «курьер» немесе «закладка» секілді жұмыс ұсыныстарының соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
«Бірнеше мың теңге үшін өміріңізді құртып алмаңыз!» – деп ескертті Маңғыстау облысының прокуратурасы.