Қоғам

«Көзіме шөп салды»: Қайрат Сатыбалдының өзінен 16 жас кіші әйелі бар шындықты жайып салды

09:48, 13 қаңтар 2026 206

Асылжан Есенқызы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы ретінде оның ерекше күтімді қажет ететін баласына қамқорлық көрсетпей жүргенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Диагноз 2021 жылы қойылды. Ал Қайрат Сатыбалды диагноз туралы тіпті естігісі келмеді. Мен оған бірнеше рет хабарластым, көмек сұрадым. Бірақ ол үнсіз болды. 5 жылдан астам уақыт бойы балаға тек мен қарап келемін. Қайрат болса қаржылай мүлде көмектеспейді», – деді ол.

Асылжан қызына аутизм, СДВГ, дислекция, сөйлеу тілінің дамымауы (ОНР), психикалық дамудың кешеуілдеуі (ЗПР) және сенсорлық бұзылыстар диагноздары қойылғанын айтты.

Сонымен қатар, жүктілік кезінде психологиялық және физикалық қысымға ұшырағанын да жеткізді.

«Мен Қайрат Сатыбалдының тоқалы да, ашынасы да емеспін. Біз бірге тұрғанда оның басқа заңды әйелі болған жоқ, тек балаларына барып тұрды», – деді Асылжан Есенқызы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз