«Alatau Aqparat» медиа холдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында Димаштың Мехикодағы сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек.
«Димашты қорғау керек! Мына видеоны көріп қатты алаңдап қалдым. Димаш Жаһанға қазақтың руһын, тілі мен өнерін танытып, мойындатып жүр! Қазақстанның имиджін қалыптастырып, көптеген елдерде ұлттың төлқұжатына айналды. Димаш бүгінде әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан жанкүейерлерінің көп болары сөзсіз. Мына жерде қорғаушылар әлсіз көрінді. Олардың тасқындай толқыған жанкүйерлер алдындағы дәрменсіздігі байқалады. Димаштың әлемде миллиондаған жанкүйері бар. Әрбір қазақ тақым қысып отыр. Меніңше, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек. Ұлттың жауһарын көздің қарашығындай сақтау қажет!», - деп жазды ол.
Көпшілік журналистің бұл ұсынысына қолдау білдіріп, тіпті Димаштың әкесі Қанат Айтбаевта рахметін айтты.
Айта кетейік, Димашты көруге келгендер әуежай ішіне сыймай қалған. Олар "Димаш!" деп ұрандатып, қосыла ән шырқады. Димаш өзіне қошемет көрсеткендерге жылы шырай танытып, олардың кейбір сыйлықтарын қабыл алды.
Димаш Нью-Йорктегі концертінен кейін Мексика еліне гастрольдік сапармен барды. Бұл Димаштың Мексика жеріне алғашқы сапары.