$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады – Президент

Редактор
28.10.2026, 11:30
ЖИ
ЖИ
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді

Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті халыққа жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінетінін атап өтті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

«Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек. Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет. Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін», – деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау