Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтіру бағытындағы жетістіктерін атап өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жазды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Ханзада Уильям Қазақстанда киік санының қайта көбеюіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарғанын айтты. Оның пікірінше, Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды қорғау және олардың популяциясын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстары табиғатты сақтаудың нәтижелі үлгісі саналады.
Айта кетейік, киік – Қазақстан даласының экожүйесінде маңызды орын алатын жануарлардың бірі. Бұрын олардың саны күрт азайып, жойылып кету қаупі туындаған болатын. Алайда кейінгі жылдары мемлекет тарапынан қабылданған қорғау шаралары, браконьерлікпен күрес және табиғи мекендеу ортасын сақтау жұмыстарының нәтижесінде киік популяциясы айтарлықтай өсті.
Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі халықаралық деңгейде де назар аудартып отыр. Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтіру бағытындағы жетістіктерін атап өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі хабарлады. Ханзада Уильям Қазақстанда киік санының қайта көбеюіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарғанын айтты. Оның пікірінше, Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды қорғау және олардың популяциясын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстары табиғатты сақтаудың нәтижелі үлгісі саналады.
Айта кетейік, киік – Қазақстан даласының экожүйесінде маңызды орын алатын жануарлардың бірі. Бұрын олардың саны күрт азайып, жойылып кету қаупі туындаған болатын. Алайда кейінгі жылдары мемлекет тарапынан қабылданған қорғау шаралары, браконьерлікпен күрес және табиғи мекендеу ортасын сақтау жұмыстарының нәтижесінде киік популяциясы айтарлықтай өсті. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі халықаралық деңгейде де назар аудартып отыр.