$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Конституцияда Қазақстанның қазіргі болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды – Президент

Редактор
28.10.2026, 11:10
Ақорда
Ақорда
Мемлекет басшысы өз сөзінде биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отырғанын атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының биыл ерекше мәнге ие екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отырғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл – ел тарихындағы айрықша кезең.

«Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын. Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша. 25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыз айында қабылданған жаңа Конституцияның тарихи маңызына да тоқталды.

«Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға болады. Өйткені Конституцияда Қазақстанның қазіргі бітім-болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, азаматтар қолдаған Конституция 1 шілдеде күшіне еніп, саяси жүйені жаңғыртуға және жаңа билік институттарын қалыптастыруға жол ашты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тарихи өзгерістер халықтың көз алдында жүзеге асып жатқанын атап өтіп, қазақстандықтардың жарқын болашаққа бағытталған ауқымды жұмыстарға белсенді кіріскенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау