$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Қытайда білім алған Данияр Таханов Атырау әкімі болды

Редактор
30.09.2026, 14:41
Фото: социально-предпринимательская корпорация «Атырау»
Фото: социально-предпринимательская корпорация «Атырау»
Ол – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Данияр Таханов 1985 жылғы 26 наурызда Атырау қаласында дүниеге келген.

2003–2007 жылдары Қытай мұнай университетінде «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Кейін осы оқу орнында «Экономика» мамандығы бойынша магистратурада білім алған. Ол – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстанның Қытайдағы Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінде бастаған. Кейін мұнай-газ және өндіріс саласындағы бірқатар компанияда басшылық қызметтер атқарды.

2012–2016 жылдары «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары болды. 2016–2017 жылдары «Атырау Innovations» ЖШС директоры қызметін атқарды.

2017 жылдың қазан айынан бастап «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Ал 2022 жылдан бері аталған корпорацияның басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

Енді Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі қызметіне кіріседі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау