$ 474.47
 541.37
 6.08

Қырғызстанның экс-ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевке сот үкімі шықты

Редактор
03.07.2026, 09:13
Фото: Кабар
Фото: Кабар
Қырғызстан соты Камчыбек Ташиевті кінәлі деп таныды

Қырғызстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бішкектің Первомай аудандық соты қоғамда «75-тің хаты» деген атаумен белгілі қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Іс аясында Камчыбек Ташиевпен бірге бірқатар бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер де жауапқа тартылған.

Сот шешімімен Камчыбек Ташиев, бұрынғы бас прокурор Курманқұл Зулушев және бұрынғы парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулу қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабымен кінәлі деп танылды. Ташиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, оның мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар сот оған 3 жылдық пробациялық бақылау тағайындады.

Ал осы іс бойынша айыпталған Бекболот Талғарбеков, Эмилбек Ұзақбаев, Құрсан Асанов, Құрманбек Дыйқанбаев және Аалы Қарашев сот залынан босатылды.

Еске салайық, Камчыбек Ташиев 2026 жылдың ақпанында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметінен босатылған болатын. Кейін оған «75-тің хаты» ісі аясында айып тағылған еді.