$ 458.45
 531.39
 5.29

Қырғыз балуанын жеңді: Кәрім Нұрталап Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады

Редактор
02.09.2026, 15:59
видеодан скрин
видеодан скрин
Кәрім Нұрталап Қазақстанға Көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтынды сыйлады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Аударыспақтан 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Кәрім Нұрталап турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Қазақстандық спортшы жарысты сәтті бастап, алғашқы айналымда Өзбекстан өкілінен басым түсті.

Шешуші белдесуде Кәрім Нұрталап қырғызстандық балуанмен күш сынасты. Тартысты өткен бәсекеде отандасымыз қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Кәрім Нұрталап VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені әкелді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау