Желіде белгілі өнер жұлдызы Алтынай Жорабаева қызының құдалығында ән шырқаған сәті тарады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Құдалық Жамбыл облысында Қордай ауылында өткен. Әншінің құдалықта ән шырқағаны көпшіліктің талқысына түсті.
"Алтынай Жорабева құдалықты жандырды. Қызы Айнараның және қонақтардың өтінішімен әсем әндерін орындап,көңіл-күйімізді көтерді", - делінген жазбада.
Алайда желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін әбден сынап тастаған.
"Алтынай, құдалыққа емес, жеке концертіін беруге барған сияқты ғой", "Мынаусы нес. Өзі құдағи болып барды емес пе", "Оххх как не профессионально, не нужно было это петь", - деген секілді пікірлер жазылған жазба астына.