Қуандық Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова «Әділет» партиясының атынан Құрылтайға депутаттыққа ұсынылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Айжан Аймағанова – Қазақстанның танымал прокурорларының бірі. Ол 2024 жылы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты іс бойынша мемлекеттік айыптаушы ретінде көпшілікке кеңінен танылды. Соттағы кәсіби ұстанымы мен дәлелдерін жүйелі жеткізуі қоғамның назарын аударды.
Айжан Талғатқызы 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотының бас маманы болып бастаған. Қазіргі таңда Астана қаласының прокуратурасында қызмет етеді.
Қала прокурорының аға көмекшісі, кіші әділет көмекшісі лауазымы қызметінде. “Прокуратура үздігі” төсбелгісі, т.с.с. Құқық қорғау органдарының түрлі марапат-медалінің иегері.
Сонымен қатар Айжан Талғатқызы – отағасы екеуі үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Бос уақытында көбіне перзенттерімен табиғат аясына шығып серуендегенді, спортпен айналысқанды жаны қалайтын көрінеді.