$ 458.45
 531.39
 5.29

Қордайда жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған әйел ұсталды

Редактор
03.09.2026, 09:26
Photo : Polisia.kz
Photo : Polisia.kz
Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, сәбиді тастап кеткен әйелді іздеуге кіріскен

Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйел анықталып, полицияға жеткізілді. Нәресте ауруханада дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы КТК жазды. Оқиға Қордай ауданындағы Гвардейский елді мекенінде болған. Қоқыс тастауға келген тұрғындардың бірі контейнерден жаңа туған нәрестені байқап, полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Қыз бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, сәбиді тастап кеткен әйелді іздеуге кіріскен. Жедел іздестіру және тергеу шаралары нәтижесінде күдікті қысқа уақыт ішінде анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру және тергеу барысында қысқа уақытта жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындады», – деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау