$ 458.85
€ 503.5
₽ 5.59

«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір топ-менеджері қызметінен кетті

Редактор
27.11.2026, 12:55
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
«Қазатомөнеркәсіп» қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басшылық құрамында тағы да кадрлық өзгеріс болды. Компанияның сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz ұлттық компанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, Дархан Сағындықов 2026 жылғы 26 қарашада қызметінен кеткен.

«Оның өтініші негізінде және корпоративтік рәсімдерге сәйкес «Қазатомөнеркәсіптің» директорлар кеңесі Дархан Сағындықовтың компанияның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты», – делінген ресми мәлімдемеде.

Ұлттық компания басшылық құрамындағы өзгерістерге қарамастан, жұмыстың қалыпты режимде жалғасып жатқанын атап өтті. Сағындықовтың функционалдық міндеттері ішкі рәсімдерге сәйкес компанияның өзге басшылары арасында қайта бөлінген.

Еске салайық, бұған дейін «Қазатомөнеркәсіптің» коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековтің де өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады. Алайда Дархан Сағындықовтың қызметінен кетуінің аталған тергеуге қатысы бар-жоғы туралы ресми мәлімет жоқ. Компания оның өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау