$ 467.41
 533.88
 6.14

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті шықты

Редактор
11.07.2026, 10:29
Экология министрлігі
Экология министрлігі
Арнайы техника мен тікұшақтың жұмылдырылуының арқасында өрттер қысқа мерзімде толық сөндірілген.

10 шілде, жұма күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Қазақстан Республикасы Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Өрттер мына өңірлерде болды:

  • Павлодар облысы – 1 өрт;
  • Қостанай облысы – 1 өрт;
  • «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – 1 өрт;
  • «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 1 өрт;
  • «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны – 1 өрт.

Министрліктің мәліметінше, өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталған. Мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» авиациялық өртке қарсы қызметінің десантшылары өртті оқшаулау жұмыстарына жедел кіріскен.

Арнайы техника мен тікұшақтың жұмылдырылуының арқасында өрттер қысқа мерзімде толық сөндіріліп, олардың одан әрі таралуына жол берілмеді. Алдағы күндері республика аумағында аптап ыстық күтілуіне байланысты Экология министрлігі табиғат аясында демалатын азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.