Өткен демалыс күндері қазақстандық спортшылар олимпиадалық спорт түрлерінен өткен халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына 19 медаль салды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әлемдік және құрлықтық деңгейдегі додаларда ел намысын қорғаған отандық спортшылар бірнеше спорт түрінен жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте паш етті.
Ең нәтижелі көрсеткіш боксшылар еншісінде болды. Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы 5 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Турнир жеңімпаздары қатарында Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева бар. Санжар Тәшкенбай Абылайхан Жүсіпов Айбек Оралбай Назым Қызайбай Виктория Графеева.
Индонезияның Бали аралында өткен WKF каратэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпиондары атанғандар — Жоламан Биғабыл мен Олжас Алтынбек. Жоламан Биғабыл Олжас Алтынбек.
Жеңіл атлетикадан Қытайдың Шаосин қаласында өткен Азия эстафеталық чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метрлік эстафетада алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаз құрамда Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс өнер көрсетті. Эльнор Мұхитдинов Мария Шувалова Андрей Соколов Аделина Земс.
Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді. Ирина Бакалдина әйелдер арасындағы жеке шпага сайысында Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ал Руслан Құрбанов ерлер арасындағы жеке шпага жарысында қола жүлдеге ие болды.
Германияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында нысана көздеуші Ринат Казаченко 50 метр қашықтықта үш қалыптан кіші калибрлі винтовкамен ату сайысында күміс медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының аталған әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.
Осылайша, өткен демалыс күндері қазақстандық спортшылар халықаралық аренадан 9 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль алып, жалпы 19 жүлдемен елге оралды.