$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Қазақстан Халық Кеңесі: Шымкентте ел болашағына қатысты маңызды мәселелер көтерілді

Редактор
12.11.2026, 14:08
Шымкент
Шымкент
Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері бас қосты

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бас қосып, қоғамдық келісімді нығайту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, этнос белсенділері мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Жиында Сәрсен Құранбек Қазақстан Халық Кеңесінің құрылу мақсаты мен қоғамдағы рөліне тоқталып, конституциялық реформалардың маңызы және Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттар туралы айтты. Сондай-ақ тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп секілді құндылықтарды қоғамда орнықтырудың маңызын атап өтті.

Кездесуде мемлекеттік тіл мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Қазақ тілі» қоғамының Х мерейтойлық құрылтайында көтерілген бастамалар, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. Бұдан бөлек, қатысушылар жастар бастамаларын қолдау, этносаралық татулықты сақтау, медиация институтын дамыту және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысын күшейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, Шымкент қаласынан Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына үш азамат енген. Олар:

  • Латипша Асанов – қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы;

  • Әбдез Иманқұлов – журналист, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі;

  • Әлия Юсупова – көркем гимнастика шебері, Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясының президенті.

Жиын соңында қатысушылар қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту және азаматтық қоғам институттарымен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау