Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Топ мүшелері шекарадан өткен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізіп береміз деп заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған.
Қазіргі кезде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
ҰҚК арнайы операцияны полициямен бірлесіп өткізген. Ал прокуратура үйлестіру шараларына жауап берген.