«Семейге» қарсы финалдық серияның бесінші матчы Семейде өтті. Бұл матчқа дейін сериядағы есеп 2:2 еді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Prosports.kz порталы ойынның негізгі уақытында командалар жеңімпаз анықтай алмай, 2:2 есебімен тарқасқаны туралы жазған. Чемпиондық бірінші қосымша уақытта шешілді. Алматылық ұжымның капитаны Біржан Оразов өзінің дәл соққысымен командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Қайрат» финалдық серияда жеңіске жетіп, екінші маусым қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл алматылық клубтың 22-ші титулы болды.